4729

Қазақстандық мүсінші-гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады

Абай Құнанбаев мүсінін мүсінші-гиперреалист, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетов ұлы ақынның 175 жылдығына арнап жасаған.

«Маған ешкім гиперреализм бағытын үйреткен жоқ. Мен оны 2010 жылы бастадым. Шетелде өнердің қалай дамитынын көргенде біздің өнер неге артта қалуы керек? Мен де оқимын, ізденемін, жасаймын деп шештім. Содан бері осы бағытта қызығушылық танытып, жұмыс істей бастадым. Бұл үшін интернет маған көп көмектесті. Төрт ай бойы тарихи тұлға - Абайды жасаумен айналыстым. Шапаны мен барлық киімдерін тігінші-реставраторларға тапсырыс бойынша тіктірдім», - деді мүсінші Айдос Есмағамбетов.

Мүсінші қазақ ойшылының бейнесін силиконнан жасаған, өйткені бұл материал балауызға қарағанда шектен тыс және тез өзгеретін температурада өз қасиетін сақтайды.

«Абай Құнанбаевтың мүсіні ұлы ойшыл және ақынның 175 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында жасалған. Бұл жобаның басты мақсаты - біздің жастарға, қоғамда, шетелде ұлы есімдерімізді кеңінен дәріптеу», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева.

Сондай-ақ мүсінші Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің, Барак Обама, Сағадат Нұрмағамбетов, Абылай хан, басқа да тұлғалардың мүсінін жасаған.

Айта кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы елордамызда 2018 жылдан бастап бәсекеге қабілеттілік, прагматизм идеяларын және адамдардың нақты оқиғаларының мысалдары негізінде білім культін насихаттау мақсатында өткізіліп келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109