Нұр-Сұлтанның бас сәулетшісі: Ботаникалық бақта тұрғын үй кешені салынбайды
Ботаникалық бақтың аумағында тұрғын үй кешені салынбайды. Бұл туралы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев хабарлады.
«Ботаникалық бақтың аумағында ешқандай құрылыс болмайды. Бұл жер баққа тиесілі болғандықтан, ондай жоспар да жоқ.
Бақпен шектесетін көлемі 14,3 га жер телімі 31.05.2013 күнгі № 197-897 қаулыға сәйкес, мемлекет қажеті үшін алынған. Оның иесімен жерді босатып беру туралы мәміле жасалды.
Айтылған жер телімі жекеменшікке беріле сала ол туралы мәліметтер жер кадастры жүйесінен алып тасталады. Тағы да қайталаймын: ботаникалық бақта құрылыс жүргізу туралы ешқандай әңгіме жүріп жатқан жоқ», – деді Нұрлан Уранхаев.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz