Ел чемпионатында елордалық әйелдер құрамасы үш алтын жүлдеге қол жеткізді
Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында елордалық қыздар топ жарып, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.
59 келіде сынға түскен Диана Каюмова шешуші кезеңде Шымкент қаласының спортшысы Гүлшарат Таласовадан басым түссе, 57 келіде Эмма Тисина шымкенттік Алтынай Сатылғанды айқын басымдылықпен ұтты. Өз кезегінде Светлана Анкичева да қарсылас шақ келтірмеді. 50 келіде кілемге шыққан спортшымыз Маңғыстау спортшысы Марал Танирбергенованы ұтып, қоржынға тағы бір алтынды салды.
Осылайша елордалық спортшылар бұл жарысты үш алтынмен қорытындылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz