26 қарашада Алаш тас жолындағы көпірде қозғалыс жартылай жабылады
26 қарашада сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолының (Бөгенбай батыр көпірі)
оң жақ шеткі жолағын Уәлиханов көшесінен орталық базар бағытына дейін жабу жоспарлануда.
"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz