3735

Жыл басынан бері iKOMEK 2 миллион өтінішті атқарды

Ағымдағы жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына 2 млн-нан астам өтініш келіп түсті. 1,71 млн-нан астам өтініш бірінші қоңыраудан атқарылып, жабылды.

Бүгінде iKOMEK сервисін елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны пайдаланады. 5 миллионға жуық өтініш қабылданды. «Бұл iKOMEK-тің адамдар әкімдікке немесе коммуналдық ұйымдарға жүгіне алатын ыңғайлы сервис екендігін ғана емес, сондай-ақ қала тұрғындарының белсенділігі артқанын білдіреді», - деді iKOMEK қалалық орталының басшысы Жаннат Дүбірова.

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және тұрғындармен байланысатын бірыңғай торап болып табылады. «2008 жылы бастау алған жоба – iKOMEK109 бүгінде АҚШ-тағы 311 қызметі іспеттес әкімдіктің барлық коммуналдық кәсіпорындары мен басқармаларының жұмысына интеграцияланған толыққанды қалалық қызмет», - деді Жаннат Дүбірова.

Бүгінде әрбір тұрғын өзіне ыңғайлы өтініш беру тәсілін: телеграм ботты, әкімдік сайтын немесе мобильді қосымшаны таңдай алады. Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеліп, жауапты ұйымдардың атқаруына беріліп отырады. iKOMEK қалалық орталығының мамандары өтініш толықтай атқарылғанша мәселені бақылауда ұстайды.

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Қазақстан Республикасы бойынша ТЖ режимі енгізілген кезде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың шұғыл желісі ретінде белгіленді. ТЖ режимі сақталған уақыт ішінде iKOMEK109 коронавирус мәселелері бойынша 370 мыңнан астам өтінішті атқарды. Сонымен қатар карантин кезеңінде 1,3 млн-нан астам өтініш атқарылды.

Мұнымен қатар, биыл iKOMEK109 қалалық орталығы Call Center Awards 2019-2020 халықаралық байқауында «Талдаудың, клиенттерді зерттеу мен түсінудің үздік тәжірибесі» аталымында «Қазылардың жоғары бағасын» алды. Бұл байқаудан марапат алу Орталығымыз үшін дәстүрге айналды. Байланыс орталықтары саласындағы халықаралық сарапшылар бізді ТМД бойынша үздіктердің үздігі деп мойындап отыр. Өткен жылы біз «Байланыс орталығын құрудың/біріктірудің үздік жобасы» аталымында байланыс орталықтары индустриясының «Оскарын» иелендік.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109