3804

Демалыс күндері елордада концерттер, қойылымдар мен көрмелер өтеді

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін алдағы демалыс күндері мәдениет мекемелері концерттер, спектакльдер мен көрмелер дайындауда. Барлық іс-шаралар санитарлық талаптарға сәйкес өтеді.

28 қарашада, сағат 18:00-де «Астана Операда» П.И.Чайковскийдің мерейтойына арналған «Души и музыки созвучье» атты орыс романсының концерті өтеді, онда театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы өнер көрсетеді. 29 қараша күні сағат 18: 00-де «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілхановпен, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Әбілханованың қатысуымен «Бог музыки в его вселился opus…» концерті өтті.

Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған және «Ақанаевтар әулеті» көрмелері дүйсенбіден сенбіге дейін - 31 желтоқсанға дейін ашық. 30 қараша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін «Өнер Қарлығаштары» және «Мир глазами ребенка» балалар экспозициялары жұмыс істейді. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің «Тылсым» атты көрмесі ұсынылған. Сондай-ақ 30 қараша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Тәуелсіздік сарайының «Сыйлықтар» қорынан көрмені тамашалауға болады, онда қаланы, елорданы аралаған ресми делегациялардың сыйлықтары ұсынылады.

Қалалық әкімдіктің қуыршақ театрында 28 қараша күні сағат 12:00-де және 14:00-де жас көрермендер үшін «Абай - жарық сәуле» бағдарламасы, 22:00-де «Сказка на ночь» көрсетілімі өтеді. Instagram, Facebook.

28 қарашада сағат 12:00-де Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және ҚХА-ның 25 жылдығына арналған онлайн-концерт өтеді. Шара Instagram желісінде көрсетіледі: @ piramida.astana; @detskaya_studia_astana_; @teatr_tanca_terra

М. Горький атындағы орыс драма театры 28 қарашада сағат 11:00-де «Маленькая история о Маленьком Муке» ертегісін көрсетеді. Трансляция YouTube сайтында.

М.Горький атындағы орыс драма театрының кіші залында 28 қарашада сағат 18:00-де «Очень простая история» спектаклі өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109