№68 мектеп-гимназия оқушыларымен «Ұлт мақтанышы - Міржақып» онлайн кездесуі өтті
Қазақтың көрнекті жазушысы Міржақып Дулатұлының 135 жылдығына орай Zoom платформасында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия ұйымдастыруымен онлайн-кездесу өтті.
Мектеп оқушыларының ұлттық бірегейлігін қалыптастыру және оларға патриоттық тәрбие беру мақсатында мұғалімдер «Міржақып Дулатұлы» орталығымен тығыз ынтымақтастықта. Шара барысында мектептің жас мамандары қойылым қойып, жазушы мен оның әйелінің, Ахмет Байтұрсыновтың бейнесін сомдады.
Тарих пәнінің мұғалімі, «Алаш жолы» мұражайының жетекшісі Нұрсұлтан Қайроллаев оқушыларға музей жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Елордалық «Рухани жағыру» жобалық кеңсесінің оқу орталығының жетекшісі Жұлдыз Намаз жобалық кеңсе «Аманат» балалар үйірмесі аясында №68 мектеп-гимназиямен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Мәдени шара композитор Жәнібек Боранбаевтың ақын, М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия мұғалімі Бекмұрат Өмірбектің сөзіне жазылған «Міржақып маршы» әнімен қорытындыланды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz