2848

«30 игі іс»: Полиция қызметкерлері мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері «Аналар үйіне» барды

Елорданың әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «30 игі іс» эстафетасын қолдады. Комиссия өкілдері «Ана үйі» қоғамдық қорының «Аналар үйінде» болды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» акциясы аясында полиция департаментімен бірге біз «Аналар үйіне» келдік. Біз жас аналармен, үйлестірушілермен кездесіп, әңгімелестік. Біздің сапарымыздың мақсаты - әңгімелесу, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмектесу», - деді әкімнің бас инспекторы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Мөлдір Бөлебаева.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер шешілді. Атап айтқанда, ҮЕҰ мамандары аналарға құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша кеңес береді. Сондай-ақ орталықтың тәрбиеленушілері мамандықтар бойынша оқытылып, өз кәсібін жүргізеді.

Кездесу барысында қор қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» акциясы аясында әлеуметтік-қайырымдылық іс-шаралар өткізілуде.
Желтоқсанның өзінде-ақ үш жаңа мектеп, жабық футбол алаңы, велосипедтерді жалға беру станциясы және жасыл белдеудегі фазанарий пайдалануға беріледі. Сондай-ақ церебралды сал және жүйке аурулары бар балаларға арналған үлкен оңалту орталығы ашылады. 500-ден астам елордалық волонтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғызілікті зейнеткерлерге және мұқтаждарға қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #мейірімдіболуәдет #добротаобразжизни #моднобытьдобрым хэштегтермен ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109