1953

Қоғам белсенділері Тұңғыш Президент күніне орай акция бастады

Қоғам белсенділері Тұңғыш Президент күніне орай акция бастады. Алдағы күндері елорданы көшіру, қала салу, ірі нысандардың ашылуы туралы бірқатар бейнероликтер көрсетіледі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев қабылдаған тарихи оқиға туралы елорданың қалыптасуына тікелей атсалысқан басшылар мен бүгінгі таңда қаланың дамуына өз үлесін қосқан белсенділер баяндайтын болады.

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ректоры, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Еңбек Ері, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты Айман Мұсақожаева шағын бағдарламалар топтамасының кейіпкері болды. Ол 1998 жылы Елбасының бастамасымен жаңа астанада салынған Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының (ҚазНАМ) құрылу тарихы туралы айтып берді.

"1997 жылы елорданы Ақмолаға көшіру идеясы пайда болды. Біз, энергияға толы жастар, мемлекет құрылысына да қатысқымыз келді. Біз осында келіп, Қазақ Ұлттық Музыка Академиясын құру жобасын жүзеге асырғымыз келетінін айттық. Нұрсұлтан Әбішұлы, үкімет және әкім қызметін атқарған Әділбек Жақсыбеков те аянып қалмады. Бүгінде біз 22-ші жыл жұмыс істеп жатырмыз. Қазақ Ұлттық Музыка Академиясы ретінде 10 жыл жұмыс істедік. Ендігі атауы - Қазақ Ұлттық Өнер Университеті. Біздің оқу орнымыздың қалыптасу кезеңінде Нұрсұлтан Әбішұлы бізге көп көмек көрсетті. Үкіметті де, Білім министрлігін де, Мәдениет министрлігін де қолдады. Осы кезеңде елімізде әртістердің жаңа буыны – Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин, Лаура Ахметова өсті. Бұлар – біздің мәдениетімізді танытып жүрген нағыз дарабоздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы миссия орындады. Нұрсұлтан Әбішұлы Нұр-Сұлтанда мәдениетті қалыптастыра бастаған уақытты біз “Ренессанс” яғни қазақстандық мәдениетті қайта жаңғырту кезеңі деп атаймыз", – дейді Айман Мұсақожаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109