5893

Елордада «Қазіргі заманғы онкология: клиника, диагностика, емдеу және оңалту» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті

Нұр-Сұлтанда «Қазіргі заманғы онкология: клиника, диагностика, емдеу және оңалту» тақырыбында халықаралық конференция жұмысы аяқталды.

Қазіргі кезде қатерлі ісік аурудың және өлімнің ең көп таралған себептерінің бірі. Жыл сайын әлемде 10 миллионнан астам қатерлі ісік аурулары және 6 миллионнан астам өлім жағдайы хабарлануда. Болжамдарға сәйкес, 2020 жылы жаңа жағдайлардың саны жылына 15 миллионға, өлім жағдайы 10 миллионға жетеді.

Іс-шараның мақсаты - қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы онкологтардың, химиотерапевттердің, онкоурологтардың және басқа да байланысты мамандықтардың хабардарлығын арттыру арқылы аймақтардағы онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру.

Конференция форматы мынандай негізгі аспектілерді қамтиды: ұйымдастырушылық, әдістемелік, құқықтық мәселелер, қатерлі ісіктің ерте диагностикасы, клиникалық және фармакоэкономикалық мәселелер, онкологиялық науқастарды оңалтуды ұйымдастыру. Сондай-ақ фармацевтикалық өнеркәсіптің, медициналық техниканың және технологияның жаңа әзірлемелері ұсынылды.

Іс-шараға қатысу үшін Батыс және Шығыс Еуропа, Қазақстан және ТМД елдерінен онкология саласындағы әлемдік беделге ие жетекші сарапшылар шақырылды. Жұмыс шеңберінде белгілі ғалымдардың тактикасы мен емдеу сапасын арттыру, онкология әлеміндегі жаңа әзірлемелерді қолдану мәселелері бойынша дәрістер ұйымдастырылды.

Конференцияны ұйымдастыруға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Нұр-Сұлтан онкологтары мен радиологтарының альянсы, елордалық көпсалалы медициналық орталық қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109