11469

«Elorda Jastary» бағдарламасы

«Elorda Jastary» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) жастардың қажеттіліктері негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама «Жастар жылы» мен «Волонтерлар жылы» аралығында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік жастар саясатын (бұдан әрі – МЖС) жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын, жастар өкілдерінің бастамалары мен ұсыныстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған құжат.

Бағдарлама жобасын дайындау барысында қала басшылығының қатысуымен 12 оффлайн және онлайн кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, Google-да жүргізілген сауалнамадан жастар үкіметтік емес ұйымдары, студенттер қауымдастықтарының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, волонтерлар ұйымдарының жетекшілері, жас кәсіпкерлер, спорттың ең табысты өкілдері, белсенді азаматтық ұстанымы бар жастар, сарапшылар, интернет қолданушыларынан 3000-нан астам ұсыныстар келіп түсті.

Бағдарламаның басты мақсаты – Елордалық жастарды және еліміздің түкпір-түкпірінен асқақ арман алға жетелеп, білім мен ғылым іздеген, өз өмірін елордамен байланыстырғысы келген жастарды жан-жақты қолдау.

Бағдарламаның басымдылығы - Елорданың белсенді жастарымен ынтымақтастықта барлық мемлекеттік органдардың, жастар саясатына қызуғушылық танытқан ұйымдардың жұмысын үйлестіруді жүйелі түрде күшейту.

Еліміздің бүгінгі жас азаматтары Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастыруда. Бағдарламада жастарды әлеуметтендірудің және патриотизм, халықтың бірлігі, толеранттылық, заңға бағыну, білім, еңбексүйгіштік, ғылым және инновация, отбасы, денсаулық сақтау және спорт, позитивті мақсатмұраттар, жаңа экологиялық этика сияқты құндылықтар негізінде қоғамдықсаяси өмірге араласуының позициясы айқындалған.

Бағдарламаның міндеті – жас Елордалықтардың өздерінің білімі, еңбектері мен ақыл-қайраттарына деген сенімділікке ие болуына, жасырын әлеуеттерін ашуына бар жағдайларды жасау. Бағдармама түйіні – жастардың сәтті әлеуметтенуін қамтамасыз ете отырып мемлекетіміздің одан әрі қарай дамуына жастардың әлеуетін бағыттау.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109