2177

"Елордаға алғаш 16 жасымда келдім" - Алтай Көлгінов жастарға қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтты

Елорда жастарын қолдаудың жүйелі шараларын қамтамасыз ету үшін "Елорда жастары" бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді, ол жүйелік бағыттарды көрсетеді, оларды іске асыру мансаптық өсуге де, тұрмыстық жағдайды жақсартуға да күшті импульс береді. Құжат пысықталып, соңғы нұсқасында жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және сапалы білім алуға мүмкіндік беретін жаңа тетіктер қамтылады. Бағдарламаның негізгі бағыттары бүгін «ашық микрофон» форматында талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Instagram" парақшасында жазды.

"Елорда - армандар орындалатын қала. Жыл сайын елордаға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген адам көшіп келеді. Мұнда олар білім алып, жұмыс жасап, қоғамнан өз орындарын тауып жатады.

Ақмолаға алғаш рет 16 жасымда келдім, ол кезде қала мүлдем басқа еді. 7 жылдан кейін елордаға оралғанда, ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілгені көрінді. Қала көз алдымызда өсіп, өзгеріп, талантты, еңбекқор және білімді адамдарды тартып келеді. Табысқа жету үшін балалар жас кезінен білімге, жұмысқа, табандылыққа және өзіне деген сенімге ұмтылу керек.

Мемлекет жастарды қолдау барлық жағдайды жасап жатыр. Жастармен бірнеше рет кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдадық. Жастарымызға қолдау көрсету үшін "Елорда Жастары" бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік. Бағдарламаны іске асыру жастардың дамуына серпін береді.

Бағдарламамен әкімдіктің сайтында бөлімінде танысуға болады.

Бағдарлама пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып толықтырылады. Елордалық "Елорда Жастары" бағдарламасының негізгі бағыттары анықталды :

Бірінші. Тұрғын үй мәселесі. 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Жас отбасылар мен мамандар жаңа жыл алдында пәтер кілттерін алды.

Жыл соңына дейін осы бағдарламаның екінші толқынын іске қосамыз – тағы 350 пәтер бөлеміз. Өтінімдерді қабылдау 1-6 желтоқсаннан бастап жүзеге асырылады. Осы бағдарлама бойынша бөлінген пәтерлерде жастар 5 жыл тұрады, осы уақыт ішінде аяққа тұрып үлгереді, тұрғын үй, бастапқы жарна және т. б. сатып алу үшін қаражат жинау мүмкіндігі пайда болады. Бес жылдан кейін бұл пәтерлерге басқа жастар кіреді. Алдағы жылдары осы бағдарлама бойынша пәтерлер санын көбейтуді жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, тұрғын үй сертификаттарын бөлеміз, түрлі бағдарламалар бойынша тұрғын үйге үміткер бола алатын санаттарды кеңейтеміз.

Екінші. Білім алу. Цифрландыру дәуірінде күн сайын оқып, дағдыларды жетілдіру қажет. Пандемияны, дәрігерлер мен мұғалімдерге деген жоғары сұранысты ескере отырып, биыл гранттар санын арттырдық. "Мұғалім" мамандығына 900 грант, медициналық бағыттар бойынша резидентураға тағы 300 грант дайындалды. Сонымен бірге жаңа оқу жылынан бастап (2021ж) әкім гранттары спорттық бағыттарға да беріледі. Әртүрлі олимпиадалар мен жарыстарда еліміздің туын көтеріп жүрген спорт мектептерінің түлектерін ұмытпауымыз керек.
Әкімдік гранттарының санын одан әрі көбейтетін боламыз. Елбасы атап өткендей,"жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы".

Үшінші. Кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру және жастардың кәсіпкерлігі.

Кездесуде осы бағыттар бойынша бірқатар өзекті ұсыныстар айтылды. Мысалы, Саясат Нұрбек ( "BTS Digital" жобасының жетекшісі) мектептерде кәсіптік бағдар беру жүйесін енгізуді ұсынды. Бұл оқушыларға қай мамандықты көбірек ұнататынын, олардың мықты тұстарын, тағы не істеу керектігін және т. б. тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ернар Жаркешов (Whiteshield Partners компаниясы, Еуразия өңірі) жұмыс берушілерді субсидиялауды ұсынды, осылайша оларды түлектерді жұмысқа қабылдауға ынталандырды, өйткені практика көрсетіп отырғандай, жұмысқа орналасу кезінде жұмыс тәжірибесі маңызды рөл атқарады.

Төртінші. Денсаулық және бос уақыт. Пандемия бәрімізге денсаулық пен иммунитетті нығайтуға қалай ерекше назар аудару керектігін көрсетті. Елорданың Мастер-жоспары "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" деп аталады, онда біз әрбір тұрғынның ажырамас бөлігі болып табылатын бос уақытты өткізуді бейнеледік. Бұл аула және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, веложолдар желісін ұлғайту және т.б. осының барлығы тұрғындарға таза ауада бос уақытын денсаулыққа пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның барлық бағыттары жастармен "ашық микрофон" форматында талқыланды. Брейнсторминг барысында бағдарламаға енгізілетін көптеген ұсыныстар айтылды. "Елорда Жастары" құжаты қала тұрғындарының ұсыныстарымен пысықталатын болады. Кері байланыс үшін-жастар саясаты мәселелері басқармасына жүгіну қажет", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109