4501

Елорда еріктілері көшеде шай мен бауырсақ таратып, қарттарға қар тазартуға көмектесті

Нұр-Сұлтанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» әлеуметтік қайырымдылық жобасы өтуде. Оның аясында еріктілер қала көшелерінде шай мен бауырсақ тарату акциясын өткізді. 

«Бүгін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, еріктілер «30 игі іс» акциясын қолдауға шығып, елорда тұрғындары мен қонақтарына, қаламызды тазалайтын "Астана тазалық" ЖШС қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты. Осылайша, еріктілер осы аязды күні жақсы көңіл-күй сыйлап, өз ықыластарымен көпшілікті жылытты. Барлығы 50 литр шай және 7 кг бауырсақ таратылды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы қалалық волонтерлер штабы.

Қардың көп түскені жеке үй тұрғындарына, қарт адамдарға көп қиындық тудырды. Осыған байланысты қалалық штаб пен Қазақстан Еріктілер лигасының еріктілері акция аясында зейнеткерлерге аулалардағы қарды тазартуға көмектесті.

«Еріктілер жалғыз тұратын қарт адамдарға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті. Жастар қар шығарып, арықтарды тазартты. Бұл үй жанында еріген қар кедергісіз ағып кетуіне көмектеседі. Еңбекқор, мейірімді, үлкенге ізет көрсететін жастар 30 қарттың ауласын ю қардан тазартты. Акцияға қатыса отырып, еріктілер жас ұрпақтың ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестерін есте сақтайтынын және бағалайтынын көрсеткісі келеді», - деп атап өтті қалалық волонтерлер штабы.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен эстафета басталды.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз парақшаларына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен жазба немесе бейне жариялай алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109