1580

"Бейімделген үй-жайда оқыдық": Нұр-Сұлтан қаласында шеткері аймақта экомектеп ашылды

Мичурино елді-мекенінде оқушылар жаңа үш қабатты кең ғимаратта білім алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елордада шеткері аймақта 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында эко мектеп ашылды. Мичурино елді-мекенінде бұрын оқу орны болмаған, мектеп оқушылары мен мұғалімдер мектепке бейімделген үй – жайда оқыған. Мекеме шағын болғандықтан, сабақтар үш ауысымда өтті. Енді оқушылар үш қабатты кең ғимаратта білім алады. Педагогтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бұрынғы үй-жайды жатақханаға қайта жабдықтап, балаларға арналған үйірмелер ашуды жоспарлап отырмыз.

Жаңа мектепте экологияға баса назар аударылды. Мұнда экомәдениет негіздері, табиғатқа ұқыпты қарау, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау бойынша сабақтар мен семинарлар өтеді. Бұл бағытта мектептерге ӨКМ операторы көмектеседі. 80-ге жуық оқу орнын қамтылған "Эко Асар" экомарафоны барысында оқушыларға қоқысты дұрыс сұрыптаудың маңыздылығы туралы нұсқау берілді. Оқушылар қайта өңдеуге 40 мың тоннаға жуық шикізат жинады.

Экономикалық бағытты қаланың басқа мектептерінде де енгіземіз. Мемлекет басшысы балалардың экологиялық білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен бірге балалар теориялық білімді іс жүзінде қолдануы үшін мектепте бақша болады, балалар өсімдіктер мен өнімдер өсіре алады, күтім жасауды және оны бағалауды үйренеді.

Егер өткен жылы 6 мектеп салынып, пайдалануға берілсе, биыл - 12. Кейбір мектептер пайдалануға берілді, қалғандары осы жылдың соңына дейін аяқталады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109