CTS-те 1 желтоқсандағы қоғамдық көлік жұмысы туралы айтылды
1 желтоқсанда елордадағы қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмысын жалғастырады. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікке сенбі және жұмыс күндері жүруге рұқсат етілді, ал жексенбі күндеріне тыйым салынды.
⠀
Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды», - делінген хабарламада.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz