9334

Елордада жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау 1 желтоқсанда басталады

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй үшін құжат қабылдау елордада 1 желтоқсанда басталып, 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек мәлімдеді.

«Биыл жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл тұрғын үй бағдарламасының мақсаты - жастарды ынталандыру және бес жыл ішінде жеке үй сатып алуға қаражат жинауға жағдай жасау. Елорданың тұрғын үй қорына құжаттар желтоқсанның 1-нен 6-на дейін қабылданады. Барлық жастарды осы бағытқа қатысуға шақырамыз», - деді елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Жалға берілетін пәтерлер орналасқан үйлер Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай даңғылының қиылысында, сондай-ақ Абылай хан мен Б.Момышұлы даңғылында орналасқан. Тұрғын үйдің ауданы 31-ден 47 шаршы метрге дейін. Ай сайынғы жалдау құны 5000-нан 15000 теңгеге дейін. Жалға алу мерзімі - бес жыл.

Бағдарламаға қатысу үшін оның шарттарын орындау қажет. Сонымен, соңғы екі жылда меншік құқығымен тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары жалға берілетін тұрғын үй алуға өтініш бере алады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар мен балалардың мүлкі болмауы керек. Соңғы екі жылда үзіліссіз тұрақты тұруға рұқсаты болуы қажет. Өтініш берушілердің ресми кірісі 40 АЕК немесе соңғы алты айда 111 120 теңгені құрауы керек.

«Егер өтініш берушілер төтенше жағдай режимінде Нұр-Сұлтанда 42 500 теңге алса және ол аяқталғаннан кейін қашықтан жұмыс түрінде болып, соның салдарынан кірісі төмендеген болса, бұл жағдай өтінішті қарау кезінде ескеріледі. Ол үшін сізге осы төлем түскен картаның шотынан үзінді-көшірме қосу керек», - деді Нұр-Сұлтан тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Оңғарбаева.

Іріктеу баллдық жүйеге негізделеді. Ұпайлар отбасы, балалары, жеке кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымда жұмыс істегені үшін беріледі. Жеке жетістіктер - мақтау қағаздары, марапаттары да ескеріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109