Тәуелсіздік даңғылынан арнайы айналма тасжолына дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылы бойынша жол ашылды
"Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылының құрылысы" жобасы аясында 30 қараша күні Тәуелсіздік даңғылынан арнайы айналма тасжолына дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылы бойынша жол қозғалысы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, "29 көшеден Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскеде 38 көшенің құрылысы" объектісін салу бойынша жұмыстар аяқталуына байланысты бүгінгі таңда Тәуелсіздік (38) - Ұлы дала даңғылдарының қиылысында жол ашылды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz