3809

Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға берілді

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Грант көп пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл үйді құрылыс салушы 2011 жылы сала бастады. Бүгінде мұнда барлық инженерлік желілер үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендеріне барған кезде үлескерледің үй құрылысының бітетініне сейбейтінін байқадық. Алайда құрылыс жұмыстары қайта жанданған кезде тұрғындарың үміті ояна бастады. Үлескерлер құрылыс жұмыстарын талқылауға етене араласты.

Сондай құрылыстың біріне айналған Грант (Сарыарқа ауданы) тұрғын үй кешені былтыр жазда мен барған алғашқы үйлердің бірі. Мәселелер көп болды. Үйдің іргетасын қалап, қасбетімен айналысу қажет болды. Сонымен бірге терезелер мен есіктерді орнатып, ішкі әрлеу жұмыстарына көшу керек болды. Үй құжаттарын дайындау, инженерлік желілерге қосу мәселелрі де тұрды. Бұл біз жұмыстанған мәселелердің бір бөлігі ғана. Бұл үйді құрылыс салушы 2011 жылы сала бастады, ал 2015 бұл үй проблемалық деп танылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында үйді пайдалануға бердік. Барлық инженерлік желілер үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет. Бұл үйде 170 отбасы тұрады. Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің құрылысын аяқтау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Былтыр 10 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға берсек, быйыл 20 үйді аяқтап пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109