6246

Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау https://qatysu.zhilfond.kz/ порталы арқылы жүзеге асырылады

Жұмысшы жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау елордада 1 желтоқсаннан басталды және 6 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бағдарламаға қатысу үшін https://qatysu.zhilfond.kz/index.php порталы арқылы өтініш беруге болады.

Жалға берілетін пәтерлер орналасқан үйлер Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай даңғылының қиылысында, сондай-ақ Абылай хан мен Б.Момышұлы даңғылында орналасқан. Тұрғын үйдің ауданы 31-ден 47 шаршы метрге дейін, ай сайынғы жалдау құны 5000-нан 15 000 теңгеге дейін болады. Жалға алу мерзімі - бес жыл.

Бағдарламаға қатысу үшін оның шарттарын орындау қажет. Сонымен, соңғы екі жылда меншік құқығымен тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары жалға берілетін тұрғын үй алуға өтініш бере алады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар мен балалардың мүлкі болмауы керек. Соңғы екі жылдағы үзіліссіз тұрақты тұруға рұқсат болуы қажет. Өтініш берушілердің ресми кірісі 40 АЕК немесе соңғы алты айда 111 120 теңгені құрауы керек.

«Егер өтініш берушілер төтенше жағдай режимінде Нұр-Сұлтанда 42 500 теңге алса және ол аяқталғаннан кейін қашықтағы жұмыс түрінде болып, соның салдарынан кірісі төмендеген болса, бұл жағдай сіздің өтінішіңізді қарау кезінде ескеріледі. Ол үшін сізге осы төлем түскен картаның шотынан үзінді-көшірме қосу керек», - деді Нұр-Сұлтан тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Оңғарбаева.

Іріктеу баллдық жүйеге негізделеді. Ұпайлар отбасы, балалары, жеке кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымда жұмыс істегені үшін беріледі. Жеке жетістіктер - сертификаттар, марапаттар да ескеріледі.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алушылардың тізімдері zhilfond.kz сайтында жарияланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109