Елордалық спортшы Данияр Елеусінов жеңісін халқына арнады
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында IBF Inter-Continental турнирінің жартылай орта салмақтағы чемпионы Данияр Елеусінов жанкүйерлермен кездесті.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев, Даниярдың жаттықтырушылары және спортшылар қатысты. Кездесуге келген халық спортшыға гүл шоқтарын сыйлады.
«Жекпе-жектің деңгейі бөлек болды. Жақсы өнер көрсету қажет еді. Тыңғылықты дайындалдық.Өз-өзіме сенімді болдым. Мен үшін әсерлі жеңіс болды. Бұл менің бірінші титулдық жекпе-жегім. Ұрыстың рейтингі жоғары болды. Бұл кездесуде жеңіске жеткеннен кейін, алдағы уақытта бұдан да титулды жекпе-жек күтіп тұр деп ойлаймын. Бәріне дайын болып, елімді қуантуға тырысамын. Осы жеңісімды шын жүректен еліме, халқыма арнаймын. Баршаңызды бүгінгі Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!», – бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қараша күні таңертең АҚШ-та Данияр Елеусінов пен (10-0, 6 КО) Намибиядан келген Джулиус Индонгоның (23-3, 12 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental белбеуі үшін жекпе-жегі өтті. Отандасымыз екінші раундта экс-чемпионды нокаутқа түсіріп, мансабындағы бірінші титулды жеңіп алды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz