4057

Астана айнасы: түрлі мамандық иелерінің күнделікті өмірі қалай өтеді

Дәрігерлер, полиция, коммуналдық қызметкерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Олар күн сайын көзге көрінбесе де, жүгі ауыр жұмыстан қашпайтын жандар. Дәл осы мамандық өкілдері бүкіл қаланың үздіксіз және қауіпсіз өмірін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады. Олардың маңыздылығы туралы Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жалпыға ортақ еңбек қоғамы туралы мақаласында айтады.

Күн сайын мыңдаған елордалық адам өмірін сақтайды, қоршаған ортаны жақсартады, білімдерімен бөліседі және ортақ әл-ауқатты қамтамасыз етеді. Олардың қатарында №2 көпсалалы қалалық аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі Жансая Супыгалиева да бар.

«Көптеген адамдар пандемияға дейін пульмонологтар туралы білмеді. Мен өзімді таныстырған кезде кейбіреулер оның қандай маман екенін сұрайтын. Енді бәрі біледі деп ойлаймын. Атам менің дәрігер болғанымды армандаған және бұл менің мамандық таңдауыма әсер етті. Университетті бітіргеннен кейін мен емханада терапевт болып жұмыс жасадым. Екі жыл жұмыс істегеннен кейін пульмонологтардың жеткіліксіз екенін көрдім. Осыдан кейін сол мамандықты таңдауға шешім қабылдадым.

Таңертеңгі сағат 8-де кезекші медбикелермен бірге жұмысты жоспарлаймыз - қандай науқастар қабылданды, олар қандай жағдайда. Содан кейін бөлімдерге күнделікті аралау жүргіземіз. Күндіз жедел жәрдем әкелген науқастарды қабылдаймыз. Бізді кеңес алуға да шақырады. Ауыр жағдайда жатқызылған науқастар жедел көмекке мұқтаж. Олардың өмірін сақтау үшін шұғыл диагноз қажет. Біз өзіміз емнің нәтижесін көргенде қуанамыз», - дейді Жансая Супыгалиева.

Ернар Искаков 2013 жылдың қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға инженер болып жұмыс істейді.

«Өрт сөндіруші болуды бала кезімнен армандадым. Мен бұл мамандықты адамдарға көмектесу, жақсылық жасау үшін таңдадым. Өрт сөндіруші физикалық дайындығы жақсы, өз ісінің шебері болуы керек. Бұл мамандық жауапкершілікті қажет етеді. Жауынгерлік кезекшілік таңғы 8-ден басталады. 8:15-те саптық түзеу жүргізіледі, содан кейін өрт техникасын қабылдау, құжаттарды қабылдау. Сабақтар 9:30-дан 12:00-ге дейін өткізіледі. 12:00-ден 13:00-ге дейін нормативтік жаттығулар орындалады. Өрт сөндірушінің толық киімі жауынгерлік киім мен драгер аппаратынан тұрады. Біз түтіннен қорғану үшін осы аппаратты киеміз. Өрт кезінде адамдар қайтыс болған кезде қиын. Көптеген адамдар мүліктен айырылады. Өкінішке қарай, жақын адамдарынан айырылу жағдайлары да болады. Мұндай жағдайларды көру біз үшін өте ауыр. Елде мұндай оқыс оқиғалар болмаса деп тілеймін», - дейді Ернар Искаков.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109