4071

Елордалық жедел жәрдем автопаркі екі еседен астам өсті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне дейін «30 игі іс» жобасы аясында жедел жәрдем паркі жаңа автокөлік партиясымен толықтырылды. Қала тұрғындарына көмек ретінде 17 бірлік жаңа автокөлік сатып алынды.

Бұған дейін, осы жылы елорда әкімдігі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен «103» көлік паркі 31 реанимобилмен жаңартылды. Күзде жаңа мамандандырылған көліктердің кілттерін қала әкімі Алтай Көлгінов тапсырды. Әр көлік денсаулық жағдайын бақылауға және науқасты тасымалдауға арналған ең жаңа, заманауи құралдармен жабдықталған.

Бүгін дәрігерлерге Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен құттықтау сөз сөйледі.

«Сіздер күндегідей, азаматтарымыздың денсаулығы үшін күрестің алдыңғы қатарындасыздар. Әсіресе қазіргі қиын кезеңде жедел жәрдем қызметкерлеріне жүктеме артты. Ауыртпалықтармен адал және табысты күресіп жатырсыздар», - деді Бақтияр Мәкен.

Жыл соңына дейін жедел жәрдем жүргізушілері тағы 18 көліктің кілттерін алады, бұл компанияға өз паркін 100% жаңартуға мүмкіндік береді.

Қазір Нұр-Сұлтан жедел жәрдем қызметінің балансында 118 көлік бар.

Айта кетейік, 2019 жылы Қалалық жедел жәрдем станциясының паркінде 52 жаңа көлік пайда болған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Бұл эстафетаның басты мақсаты - қала мен оның тұрғындары үшін жақсылық жасау.

2020 жылдың өзінде-ақ, 16 желтоқсанға дейін «30 ізгі іс» жобасы аясында үш жаңа мектеп, жабық футбол алаңы, велосипед жалдау бекеті бар жол трассасы және жасыл белдеудегі фазанарий пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ церебралды паралич және жүйке аурулары бар балаларға арналған үлкен оңалту орталығының ашылуы өтеді.

Азаматтар эстафетаға қосылып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегі бойынша игі іс-шара аясында өз аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Жақсылық жасау - жан рахаты!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109