3853

Елорда әкімінің орынбасары медицина ұйымдары мен мобильді топтар жұмысын күшейтуді тапсырды

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен медицина ұйымдары басшыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова кездесу барысында атап өткендей, бүгінде қалада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазір Нұр-Сұлтан «сары» аймақта. 7 қарашадан бастап аурудың күн сайын 0,3% өсуі байқалады. Жұмысқа 8 стационар тартылған, онда 318 адам ем алуда. Оның 193-і (35%) жұқпалы аурулар бойынша, 125-і карантинде.

Қалада сонымен қатар КВИ бойынша биоматериал сынамаларын алуға арналған 16 зертхана бар. Олардың жалпы қуаттылығы - күніне 11 мыңнан астам.

6 қазан мен 2 желтоқсан аралығында 257 рейс, 31 436 жолаушы қабылданды. 4387 адам карантин стационарына жатқызылып, 18-і оң нәтиже берді.

Ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Дәріханаларда дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры бар.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары COVID-19 таралуын болдырмауға бағытталған шараларды жалғастыру қажетіне назар аударды. Емханалар басшылығына қызметкерлер мен пациенттердің санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуы мен жеке қорғаныс құралдарының қолданылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, науқастардың күнделікті ағынын дұрыс бөлу, пневмонияға күдікті науқастарды жедел түрде КТ мен кеуде қуысының рентгенограммасына жіберу тапсырылды.

Сондай-ақ мобильді топтардың жұмысы мен қашықтан кеңес беру арқылы емханалық ем алу жоспарланған пациенттерге баруды азайту тапсырылды. Емханалардағы, білім беру мекемелеріндегі және кәсіпкерлік субъектілеріндегі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүзеге асыруы керек.

Мобильді топтар мен полиция департаменті ойын-сауық мекемелерінде, сауда орталықтарында, дүкендер мен базарларда санитарлық қауіпсіздік пен карантиндік режимнің сақталуын бақылауды күшейтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109