5295

Азаматтарды онлайн-қабылдау кезінде елорда әкіміне қандай сұрақтар қойылды

Онлайн-қабылдауларды өткізу төрт есе артты. Жыл басынан бері азаматтарды қабылдау апта сайын жүргізіліп, қабылданған адамдардың саны артуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Онлайн-қабылдауда 10-нан астам отбасын қабылдадым. Егер бір отбасы мүшесінің мәселесі шешілсе, демек барлық отбасы мүшелерінің мәселесі шешіледі. Онлайн-қабылдауларды өткізу төрт есе артты. Жыл басынан бері азаматтарды апта сайын қабылдап келеміз, қабылданған адамдардың саны артып жатыр. Негізгі мәселелер тұрғын үй, білім беру, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу және т. б. мәселелерге қатысты.

«Бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет, оның ішінде әлеуметтік көмек көрсететін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының мысалы бойынша өткен айда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылд (Республика даңғылы, 32). Онда тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері және т. б. туралы білуге болады.

Білім саласына келетін болсақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан шыққан балаларға бөлінетін гранттар санын айтарлықтай кеңейттік. Жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 15 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл шаралардың барлығы жалғасады.

Азаматтардың қабылдауларында көтерілген мәселелердің бір бөлігі бірден шешімін табады, қалғандары жоспарға алынады», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109