4735

Ж.Ташенов жолағы бойындағы магистральды коллектор құрылысы қаңтардың соңына дейін жалғасады

Инженерлік желілердің көп қиылысы анықталуына байланысты Ж.Ташенов жолағының бойында магистральды нөсер кәрізі коллекторының құрылысы 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.

Ж.Ташенов жолағының А.Бараев көшесімен қиылысында қозғалыс тоқтатылады. Автокөліктер қозғалысы уақытша схема бойынша жабық аймақтың айналасында тиісті жол белгілерін орнату арқылы ұйымдастырылады.

«Қалада кептеліс болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне өз бағдарын алдын-ала жоспарлауға кеңес беріледі. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне өте мұқият болу және уақытша сызба бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау керек», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл учаскедегі жылдамдық 40 км / сағ-қа дейін шектелген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109