2438

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында полиция 460-тан астам отбасын тексерді

Нұр-Сұлтанда 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында іс-шаралар өтуде. Негізгі мақсат - тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасымен күресу. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның, дағдарыс орталықтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

«Тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, қолайсыз отбасыларды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бізде есепте тұрған 463 отбасы тексерілді. Соның ішінде 342 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған болатын. Бұл адамдарды учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты мекенжайына барып тексерді. Сондай-ақ бейнебайланыс арқылы да тексерулер жүргізілуде. Сонымен қатар сотпен жүріс-тұрысына ерекше талап қойылған 70 адам тексерілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шырахметова.

Мұнан бөлек акция аясында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жоспарлы түрде бірқатар іс-шаралар өткізуде. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ өкілдерімен, жұртшылықты және БАҚ өкілдерін тарта отырып «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында дөңгелек үстел өтті. Оған Zoom платформасы арқылы да тұрғындар қатысты. Сонымен қатар акция аясында «Үміт» дағдарыс орталығына, «Аналар үйіне» барып, ондағы қызмет алушыларға психологиялық тренингтер өткізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

«Халық көп шоғырланған жерлерде, сауда үйлерінде халықты ақпараттандыру мақсатында полиция департаментімен әлеуметтік бюро өткізілуде. Алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен, сот және прокуратурамен бірлесіп онлайн брифингтер өткізу жоспарланған», - дейді Гүлмира Шырахметова.

Қазіргі уақытта «Үміт» дағдарыс орталығындағы 24/7 режимінде жұмыс 49-72-89 нөмірі, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының сенім телефоны - 71-60-63 нөмірі арқылы тиісті көмек көрсетіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109