4761

«30 игі іс» акциясы аясында №90 мектеп-гимназиясына 30 кітап сыйға берілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «30 игі іс» акциясы аясында елордада жаңадан ашылған №90 мектеп-гимназиясына 30 кітап сыйлады.

«Балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға мектеп кітапханасының қосар үлесі зор. Сол себепті жаңа мектепте жаңа кітаптар көбірек болсын деп үш тілде жазылған 30 кітап сыйлап отырмыз. Алдағы уақытта бұл игі іс өз жалғасын табады деген сенімдемін», – деді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары Жазира Нариманқызы.

Кітаптардың барлығы «Рухани жаңғыру» жобасы аясында туған өлкеміздің тарихи және мәдени мұрасын кеңінен таныстыру үшін шығарылған. Соның ішінде «Қасиетті Қазақстан» кітабына еліміздің киелі жерлері, қасиетті орындары мен ұлттық кұнды мәдени мұралары енгізілген.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Эстафетаданың басты мақсаты - қала мен оның тұрғындары үшін жақсылық жасау.

2020 жылдың өзінде-ақ, 16 желтоқсанға дейін «30 игі іс» жобасы аясында үш жаңа мектеп, жабық футбол алаңы, велосипед жалдау бекеті бар жол трассасы және жасыл белдеудегі фазанарий пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ церебралды паралич және жүйке аурулары бар балаларға арналған үлкен оңалту орталығының ашылуы өтеді.

Азаматтар эстафетаға қосылып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегі бойынша игі іс-шара аясында өз аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109