4450

Елорда әкімі Алтай Көлгінов апатты деп танылған үйдің тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Дүкенұлы көшесі, 21 (Сарыарқа ауданы) мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қаланың ескі бөлігінде кейбір аудандар едәуір ескірген. Жайлылыққа ерекше көңіл бөлеміз: тұрғын үйлерді жөндеп, тұрғындар үшін үлкен аулалар, саябақтар мен скверлер саламыз, апатты үйлерді бұзамыз.

Бүгін Дүкенұлы көшесі, 21 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездестім. Бес қабатты жатақхана 1966 жылы салынған, шамамен 170 бөлме бар. 600-ге жуық адам тұрады. Тұрғындарда электр, су, кәрізге қатысты мәселелер туындайды. Сонымен бірге ғимарат іші суық, бұл денсаулыққа, әсіресе балалар мен аға буынға теріс әсер етеді. Үйге техникалық тексеру жүргізу кезінде тозу 60% - дан астамды құрайтыны анықталды, ғимарат апатты деп танылды. Ол тізімге қосылды.

Тұрғындармен кездесу барысында тізімге 90 жыл бұрын салынған апатты үйлер де енгізілді. Осы жылдың соңына дейін ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асса, 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109