Елорданың 2 мыңға жуық оқушысы “Жас Ұлан” қатарына қабылданады
Елордада “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау жүріп жатыр. ҚР Тәуелсіздік күніне орай 2 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланған.
“2020 жылдың мамыр айында эпидемиологиялық жағдайға байланысты “Жас Ұлан” қатарына қабылдау алғаш рет онлайн-режимде өткізілді. Қала мектептері ұйым қатарына 4000-нан астам баланы қабылдады. Қазіргі уақытта ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жаңа іріктеу өтуде. Қараша айының соңынан басталып, желтоқсанның ортасына дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық адамды қабылдау жоспарланған”, - деді балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова.
“Жас Ұланның” мүшесіне оқу озаттары, мектеп және қоғам өміріне белсене араласқан оқушылар таңдалады. “Жасұландықтар” өз Отанын мақтан тұтуды, үлкендерді құрметтеуді, жақсы оқып, үздік болуды үйренеді.
“Жас Ұлан - бұл мектептегі өзін-өзі басқару құрылымы. Оқушылар қатысатын тәрбие қызметі осы ұйымның желісі бойынша жүргізіледі. Жұмыс жеті бағыт бойынша жүріп жатыр, олардың аясында балалар волонтерлікпен айналысады. “Жас Ұлан Team” еріктілер қозғалысы бар, Нұр-Сұлтанда 450-ге жуық оқушы бар. Сондай-ақ балалар "Біз біргеміз": "Таза әлем" және "Асыл Мұра"акциясының жобаларына қатысады. Яғни, олар аумақтарды тазартумен, ағаш отырғызумен айналысады, қалпына келтіру жұмыстарына қатысады, ғимараттарды тазартуға көмектеседі. Сондай-ақ, мектеп оқушылары қаза тапқан сарбаздардың туыстарын табуға көмектесетін жоба бар", - деді Динара Сәдуақасова.
Ұйымда екі деңгейлі мүшелік жүйесі бар. Жоғары буынға 5-10 сынып оқушылары, ал төменгі буынға 1-4 сынып оқушылары кіреді. Олардың барлығы ұйым қатарына қосылуға ерікті түрде ниет білдірді.
БЖҰ қатарына қабылдау жылына үш рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде, 6 шілде – ұйымның құрылған күні және 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күнінде.
Нұр-Сұлтанда бүгінде "Жас Ұланға" 123 793 оқушы мүше болды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz