5262

Нұр-Сұлтанда полицияның учаскелік пункттері жөнделеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов ескі, жаңа ғимаратты қажет ететін учаскелік полиция бекеттерін қарап шықты. Бұл туралы елорда әкімі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Олардың күнделікті еңбегінің арқасында елордада құқықбұзушылықтар саны азайды. Қала аудандары бойынша 30-дан астам учаскелік полиция пункттері орналасқан. Олардың кейбіреуі жөндеуді қажет етсе, кейбіреуі жаңадан салынды.

Бүгін полиция департаментінің бастығы Ержан Саденовпен бірге ескі, жаңа ғимаратты қажет ететін учаскелік полиция бекеттерін қарап шықтық. Оларды жөндеп, не басқа үй-жайларды ұсыну қажет.

Мәселен, ескі вокзал ауданында Гете көшесінде орналасқан учаскелік пункт тұрғындар көп жүгінетін пункттердің бірі, өйткені онда поезд, қалааралық автобустарға байланысты адамдардың үлкен ағыны байқалады. Сондай-ақ, Дүкенұлы, Әуезов мекен-жайларында орналасқан учаскелік пункттерге бардық.

Үй-жайлары ескірген тірек пункттері қызметкерлерінің орналасу орындарын анықтауды тапсырдым.

Биыл полицияның учаскелік пункттерінің бір бөлігі жөнделді, өткен жылдың жазында 400-ден астам қызметкер еңбек етіп жатқан Есіл ауданының полиция басқармасына жаңа ғимарат берілді. Сонымен қатар, автопаркті жаңартып жатырмыз, тек осы жылдың күзінде ғана полицейлерге қосымша 65 автокөлік берілді. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандардан басқа полицияның тірек пункттерін ашамыз.

Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметін реформалау аясында учаскелік инспекторға басты рөл жүктелетінін, қызмет "полиция қадамдық қолжетімділік"қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиістігін атап өтті.

Бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция департаменті қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109