7071

30 игі іс: «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері әскери дәрігерлерге азық-түлік жиынтығын сыйлады

«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері Қорғаныс министрлігінің әскери дәрігерлеріне «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 30 азық-түлік пакетін табыстады. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Іс-шара Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-патриоттық орталығы мен «Магнум» сауда орталығының қолдауымен өтті.

«Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Карантин кезінде вирустың таралуын болдырмау үшін жанқиярлықпен жұмыс жасап жүрген дәрігерлерге барынша қолдау көрсету біздің қолымызда. «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері үшін елдің ризашылығынан артық сыйлық жоқ. Біз қайырымдылық жасаудан жалықпаймыз және барлық қамқор адамдарды бізге қосылуға шақырамыз», - деді «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қауымдастығы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралар өтіп жатыр. Эстафетаның басты мақсаты - қала мен оның тұрғындарына жақсылық жасау.

Азаматтар мейірімділік акциясы аясында эстафетаға қосылып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегі бойынша өз аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109