4599

«Жанұя» орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған тренинг өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «бюджеттік адвокация» тақырыбында практикалық тренинг өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ЖҚТБ-мен күрес күні аясында өткізілетін тренингті «Бақытты Шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

«Integrity Astana» коммерциялық емес ұйымының басшысы, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Жанат Нұрғалиев ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналармен адвокациялық қызмет саласындағы өз білімдерімен бөлісті.

«Біз үшін «бюджеттік адвокация» тақырыбы өте маңызды. Себебі кейбір адвокаттардың, әлеуметтік салалардың, денсаулық сақтаудың қателіктерінен өттік және бюджеттердің қалай және қашан дұрыс пайдаланылмағанын білеміз. Бюджеттік адвокация – бұл нақты адвокация саласы емес, қаржыландыру және қаржыны бақылау саласы. Сондықтан біз спикер ретінде Жанат Нұрғалиевті таңдадық, ол – экономист, осы тақырыптағы көптеген жарияланымдардың авторы. Бүгінгі тыңдаушылар – осы жолдан өткен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар», – деп түсіндірді «Бақытты Шаңырақ» қорының еріктісі Салтанат Ералиева.

«Бюджеттік адвокация» — бұл мақсатты аудитория үшін өткізілген тренингтер сериясындағы сегізінші және соңғы семинар.

Бұған дейін қор «ресурстардың жай-күйі», «әйелдер құқығы», «эмоционалды интеллект», «отбасылық қатынастар», «волонтерлік» және «азаматтық қатысу» тақырыптарында семинарлар өткізген болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109