2090

Елордалық iQala орталығы тағы төрт қызметпен толықты

IQala қалалық орталығы «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның тағы төрт қызметімен толықтырылды. Енді елорда тұрғындары келесідей қызмет түрлерімен пайдалана алады:

1. Жеке тұлғаларға арналған сыртқы жылу желілерін гидропневматикалық жуу және сығымдау бағдарламасын қарау және келісу;

2. Заңды тұлғаларға арналған сыртқы жылу желілерін гидропневматикалық жуу және сығымдау бағдарламасын қарау және келісу;

3. Заңды тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау су өлшегіштерінің көрсеткіштерін беру;

4. Заңды тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау су есептегіштерін тіркеу.

Күн сайын iQala тобы қызметтерді автоматтандырумен айналысады, олардың санын порталда көбейту қолға алынған. Бүгінгі күні Орталық жеке және заңды тұлғаларға 141 қызмет түрін көрсетеді, оның 36-сы – «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның қызметтері.

Орталық электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша келісімшарттар жасау қызметтерін Орталықтың фронт-кеңсесінде, сондай-ақ www.iqala.kz порталында онлайн режимде ұсынуда.

Қызметті онлайн режимде алу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасы және ЭЦҚ қажет болады. Айта кетсек, ЭЦҚ-ны жеке тұлғар қалалық қызмет көрсету орталығында да ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, iQala орталығы күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Р.Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109