1889

Нұр-Сұлтанда отбасылық денсаулық орталықтарының желісі кеңейтілуде

Халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ елорда емханаларында дәрігерлерге түсетін салмақты азайту үшін 30-дан астам дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

"Халыққа қол жетімді сапалы медициналық көмек көрсету - елорданың бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесі жағдайында жұмыс істейтін барлық емханалар үшін маңызды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жұмысын жаңғырту және бастапқы буынның рөлін күшейту үшін үлкен жұмвс атқарады. Қазір аурудың алдын алу, оның салдарын емдеу, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру әрбір қазақстандықтың мақсаты болып табылады", - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Айта кету керек, биыл елордада осындай 10 амбулаториялық ұйым ашылды. Өткен жылы олардың 12-сі ашылды.

№9 қалалық емхана жанынан тіркелген тұрғындар үшін "Аманат"отбасылық денсаулық Орталығы өз жұмысын бастады. Науқастардың медициналық ұйымдарына жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, бейінді мамандар, акушер-гинекологтар қабылдайды. Сондай-ақ мұнда УДЗ және ЭКГ өтуге болады. Орталықта дәріхана, күндізгі стационар бар. Бөлмелер СанЕмН барлық талаптарына сәйкес жабдықталған және стандарттарға сәйкес келеді.
“Біз 14 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетеміз. Күн сайын орта есеппен 50-ге жуық адамды қабылдаймыз", - дейді №9 емхана директорының міндетін атқарушы Дана Әбілғазина.

Отбасылық денсаулық орталығы ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын көмек көрсетеді, оған учаскелік қызметтің, профилактика және медициналық-әлеуметтік көмек бөлімшелерінің қызметтері кіреді. Бұдан басқа бейінді мамандардың консультациялық-диагностикалық көмегі, функционалдық және сәулелік диагностика (УДЗ) ұсынылады.

Елорда тұрғындары осы орталықтардан медициналық қызметтерді тұрақты немесе уақытша тұратын жеріне тіркелу арқылы ала алады. Ол үшін тікелей медициналық ұйымға жүгінуге немесе eGov.kz.Yes порталына тіркелуден өтуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109