4502

Мереке күндері ірі сауда орталықтарының жұмысы тәуліктік режимге көшірілуі мүмкін

Бұл туралы ОКҚ-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

Әкім қалада жабық ғимараттардағы балалардың ойын алаңдарына, кинотеатрлар және басқа да адам көп жиналатын орындардағы бірқатар шектеулер бар екенін еске салды.

«Бұл шектеу шаралары жалғасады. Локдаун адамдарға қаншалықты қиын болғанын көрдіңіздер. Оның қайталанғаны кімге керек? Менің ойымша, біз бұған жол бермеуіміз қажет. Жол бермеу сізге және маған - қоғамның әрбір мүшесіне тікелей байланысты. Ал мерекелік демалысты отбасымен өткізген дұрыс. Көптеген адамдар, әсіресе жаңа жылдық мерекелер алдында дүкендер, сауда орталықтарына жиі баратыны анық. Осы тар дәлізді кеңейту үшін біз ірі супермаркеттерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруды ойластырып жатырмыз», - деп түсіндірді Алтай Көлгінов.

Осылайша, тұрғындар кешкі сегізге дейін дүкенге үлгеруге асықпай, мереке алдында адам көп жиналатын жерлерден аулақ бола алады. Бірақ бұл мәселе әлі де талқылануда.

«Қазір қаланы жабу жоспарланып отырған жоқ, бірақ КВИ бойынша оң сынақтар көбейген жағдайда қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі», - деп қорытындылады елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109