4630

Мереке күндері қарсаңында елордадағы СОО, кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болады

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен ТЖ алдын алу және болдырмау жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

Күн тәртібінде көтерілген мәселелер: коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар, шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ демалыс және мереке күндері елорда тұрғындары арасында карантин шараларын сақтау бойынша мобильді топтардың жұмысы.
Нұр-Сұлтан қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиева атап өткендей, қалада әлі күнге дейін КВИ жұқтыру қаупі сақталып отыр. Мәселен, өткен тәулікте елордада науқастардың саны артты: ПТР-тест нәтижесі бойынша ауру қаланың 106 тұрғынынан анықталған.

Бүгінде кәсіпкерлік субъектілері бойынша рейдтер апта сайын жүргізіледі, мониторингтік топ бірқатар бұзушылықтарды анықтайды.

КВИ-дің одан әрі таралу қаупі жоғарылауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды. Бірінші кезекте мобильді топтардың жұмысы күшейтіледі.

"Кафелер, мейрамханалар және басқа да ойын-сауық орындары алдағы мерекелерге байланысты режимді бұзбауы керек. Бұл мәселе ерекше бақылауда болады. Тұрғындарға демалыс күндерін отбасылық ортада өткізуге кеңес беріледі, өйткені COVID-19 жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Карантин режимін бұзу фактілері анықталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ойын-сауық мекемелерінде жиі кездеседі. Осы объектілерді жабу бойынша шаралар қабылданатын болады", - деп атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, маска тағу, санитайзерлерді пайдалану және қашықтықты сақтау келушілер үшін де, мекеме басшылығы үшін де маңызды. Талаптарды орындамағаны үшін кәсіпкерлерге де, клиенттерге де айыппұл салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109