2777

10 желтоқсанда Қазақстан астанасы ауысатыны жарияланды. Замандастар естеліктері

Бүгін Қазақстан астанасының ресми ауысқан күні.1997 жылы 10 желтоқсанда елдің жаңа бас қаласы жарияланды.

Бұл тарихи оқиғаның куәгері және астананың іргетасын қалағандардың бірі, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбеков өз естелігімен бөлісті.

«10 желтоқсан - мен үшін, ел үшін ұмытылмас күн. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ант қабылдады. Мен ол кезде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болдым. Содан кейін ҚазКСР-ді Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылданды. 1993 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тарауы өтті, ол жерде мен депутат, құрылыс және сәулет комитеті төрағасының орынбасары болдым. 1997 жылы Ақмола қаласы ресми түрде астана болып жарияланды. Жиналыс өткізілді, қаланың кілті әкелінді. Салтанатты рәсім әкімдіктің алдындағы алаңда өтті. Көрермендер алдында мінберде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сөз сөйледі, мен сол топтың ішінде тұрдым. Күн аяз болды. Мен үлкен өзгерістерге әлі де сене алмай тұрдым. Таңқаларлықтай жаңа қала құрылды. Астанамыз тек әкімшілік емес, іскерлік, мәдени және спорт орталығына айналды. Бұл менің жұмысымның бөлігі. Сондықтан, әрине, мен осы тарихи процеске қатысқанымды мақтан тұтамын», - дейді Серік Рустамбеков.

1996 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі құрған ПСК «Ақ Орда» жобалық компаниясы елорданың бас жоспарының бас дизайнері болғанын атап өткен жөн. Серік Рустамбеков қаланың сәулеттік келбетін жасауға үлес қосты. Оның эскиздері бойынша Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалдық кешені бой көтерді.

Айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазин астана Арқаға көшкен кезде студент болған.
«Барша қазақ жұртын астанамыздың Арқаға көшкен күнімен құттықтаймын! Бұл айтулы күн менің есімде. Мен ол кезде студент болдым. Елбасымен бірге зиялы қауым да Арқаға қоныс аударды. Сол кезде академик ұстазымыз Зейнолла Қабдоловтың бата бергені есімізде. Содан бері көзді ашып, жұмғанша 23 жыл уақыт өте шығыпты. Біздің елордамыз, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы адам танымстай өзгерді. Еуропаның, Азияның қалаларымен тайталаса алатындай көркем, сәулетті ғимараттар тұрғызылып, көрікті қалаға айналды. Елорда – біздің тәуелсіздігіміздің символы. Елорда арқылы жүргізіліп отырған Қазақстанның идеологиясы, мәдениеті әлемдік өркениеттің көшіне ілесіп, дамыған елдердің қатарына қосылсын деген тілек айтқым келеді», – дейді Серікзат Дүйсенғазин.

Ақын тәуелсіздік алғаннан кейінгі жасалған саяси, стратегиялық, тарихи қадам өз нәтижесін берді деп санайды. Себебі шаһар еліміздің экономикасының, саясатының локомотивы болды. Елорданың Тәуелсіз Қазақстан тарихында орны бөлек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109