4152

Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы мүшелері қоршаған ортаны жақсарту мақсатында бірікті

Ауқымды көгалдандыру жұмыстары және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын жаңарту, айналма жолдар, тазарту қондырғыларын салу - қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын азайтудың тиімді шаралары. Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы мүшелері қоршаған ортаны жақсарту және тікелей тәжірибе алмасу бойынша тиімді шаралар әзірлеуге келісті. Бүгін қауымдастық төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгінов экология тақырыбында онлайн брейнсторминг өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори да өзінің көзқарасымен бөлісті.

«Халық санының қарқынды өсуін ескерсек, ірі қалалар үшін экология мәселелері әрқашан өзекті. Қоршаған ортаға зиянды заттардың бөлінуін азайту үшін біз бірқатар шаралар қабылдаудамыз:

Бірінші. Қаланы газдандыру. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы газдандыру туралы тарихи шешімінің арқасында зиянды заттардың шығарылуы азаяды. Сонымен қатар бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады. Соның ішінде ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға ауысады.

Екінші. Желіге 100 электр автобусы шығарылды. Жақында тағы соншама автобус желіге шығады.

Үшінші. Біз карьерді одан әрі рекультивациялау арқылы құрылыс қалдықтарын сақтауға және өңдеуге арналған алаң салуды бастадық. Қалдықтарды қайта өңдеу зауытын, полигонды қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар аулаларда қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатуды жалғастырамыз. Мектептерде эко-сағаттар өткізіледі.

Төртінші. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және қаланың «тынысын» ашу арқылы біз ауқымды абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әр ауданның өзінің экологиялық аймақтары болуы керек. Біз отырғызылған ағаштардың санын жыл сайын көбейтетін боламыз.

Бесінші. Қаладан өтетін Есіл өзеніне бұрын коллекторлардан су тікелей ағып, оны ластайтын. Енді сол аумақта жабдықтау коллекторларын қайта құрып, тазарту қондырғыларын салып жатырмыз. Бұл өзенге жіберер алдында жаңбыр мен еріген қар суының тазаруын қамтамасыз етеді. Біз жұмыс істеп жатқан басқа да бірқатар бағыттар бар. Қазір бүкіл әлемде экологияға ерекше көңіл бөлініп жатқанына қуаныштымын. Әр қаланың және елдің өзінің ерекше тәжірибесі бар, ал Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы платформасы біздің тәжірибемізбен тікелей бөлісуге мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Онлайн-конференция барысында Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы бірінші вице-президенті Юрий Мещеряков, ТМД Экономикалық даму Іскерлік орталығының бас директоры Владимир Савченко және басқа қауымдастық мүшелері Қазақстан астанасы мен Елбасы тұрғындарын айтулы күнмен - астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру күнімен құттықтап, «Қаланың авторы - Тұңғыш Президенттің көреген шешімі ел астанасын табысты, әлемге әйгілі қалаға айналдырғанын» атап өтті.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109