4608

10 желтоқсан – Қазақстан астанасының ресми ауысқан күні. Замандастар естелігі

1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан астанасы болып жарияланды.

Алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы ел астанасы Арқаға көшкен тарихи сәт туралы естелігімен бөлісті.

«Ақмола қаласына 1996 жылы 10 маусымда келдім. Жағдайға үйреніп, Ақмоланың суығын, жайдарлы жазын көрдім. Келесі жылы осындай тарихи оқиға болды. Бәріміз, университеттің негізгі құрамы бұрынғы ескі алаң - қазіргі қалалық әкімдік орналасқан алаңды қоршай күтіп тұрдық. Бірінші сәйгүлік мінген, қазақтың тәуелсіздігін айқындаған тұлғалар мен батырларды еске алған шеру өтті. Одан өзге де салтанатты шаралар болды. Менің есімде қалғаны, Елбасы мемлекеттік билік өкілдерімен үлкен мінберде тұрды. Күн суық еді. Бірақ ол кісі суыққа шыдамдылық қажет екенін көрсеткендей, жалаңбас тұрғаны есімде. Сонымен бірге сол кезде бірсыпыра жастар күн суығына қарамай, шыдамдылық танытып, елдік рухты асқақтатып, қуаныш сезімде тұрды. Мемлекеттік штандарт алып өтілді. Содан кейін барып, Елбасының сөзі және белгілі ақсақалдардың батасы есімізде.

1997 жылдан бері біршама уақыт өтті. Сол аралықта Нұр-Сұлтан қаласы уақыттың, заманның түрлі құбылысына қарамай, қиындықтарына парасатпен, шыдаммен жауап беріп осы күнге жетті. Одан әрі дами берері белгілі. Бір кезде 200 мыңнан сәл асатын қала халқы бүгін миллионның үстінде. Бұл – үлкен қуаныш. Сан сапаны анықтайды. Түптің түбінде Еуразия өңірінде Нұр-Сұлтан қаласы өзінің тарихи орнында ғылыми-мәдени және саяси әлеуетін таныта берері айқын. Осындай тарихи датамен елорда халқын құттықтаймыз. Бас қаламыздың мерейі үстем болсын», - деді Дихан Қамазбекұлы.

Нұр-Сұлтан – соңғы мыңжылдықта аты бірнеше рет өзгерген сирек қалалардың бірі. Қаланың ғажайып тарихы жайлы ондаған мақала жазған тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев елорда ежелден Сарыарқа өркениетінің кіндік қаласы екенін айтады.

«Әуел басында бұл қала Қараөткел атанған. Кейін Ресей билігі орнаған 1830 жылы Ақмола дуанның орталығы болып, Ақмола аталып кетті. Одан соң тың игеру кезінде Целиноград аталып, тәуелсіздік кезеңінде Ақмола атауын қайта иеленді. Бүгінде Астана қаласы Нұр-Сұлтан атауымен белгілі. Бұл жерге 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасы орнады. Содан бері қаншама жыл өтті, сәулетті құрылыстар бой көтерді. Қараөткел – көне өркениеттің орталығы, үлкен сауда қаласы. Оңтүстіктен Бұқар, Самарқан, Тәшкент қалаларынан, солтүстіктен Астрахан, Орынбор, Уфадан келетін сауда жолдарының дәл ортасында орналасқан қала. Ол жөнінде жазба деректер де, ауызша әңгімелер де бар. Жалпы Қараөткелді Есіл, Нұра орталығындағы Сарыарқа өркениетінің кіндік қаласы десек болады. Қазір ескі шаһар жас қаланың астында қалды. Ал жан-жақтағы Бозоқ секілді өзге қалалар – культтік яғни ғибадат ету, ғұрыптық орталықтар. Әлем тарихында Тигр мен Евфрат орталығындағы Шумер, Инда мен Ганга орталығындағы Үнді мәдениеті секілді өркениеттер кең танымал. Сол секілді ғылыми айналымға Есіл, Нұра аралығындағы Сарыарқа өркениеті деген ұғымды енгізу қажет», - дейді Жамбыл Артықбаев.

Қазақстан – Евразиялық кеңістікті алып жатқан алып мемлекет. Сондықтан, ғалымның пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласы барлық инфрақұрылымды жинақтау, саяси қадамдарға түрткі болу, мәдени көрсеткіште өзге өңірлерге үлгі болу міндетін атқарып келеді. Бүгінге дейін елордаға тән интеллектуалды күштер жиналды, Еуропалық талаптарға сай ғимараттар бой көтерді. Солтүстікте жаңа қала салу оңай емесі белгілі. Спикер бұл жағынан Қазақстанның тәжірибесі әлемге үлгі бола алатынын айтады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109