8009

Нұр-Сұлтан «қызыл аймаққа» кірді: елорданың бас санитарлық дәрігері тұрғындарға үндеу тастады

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 118 расталған КВИ жағдайы тіркелді. Қалада COVID-19 аурушаңдық көрсеткіші өсіп келеді. 10 желтоқсаннан бастап елорда КВИ аурушаңдығы тұрғысынан «қызыл аймаққа» өтті.

«10 желтоқсаннан бастап қала қызыл аймақта. Ең алдымен бұл қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамауынан. 10 желтоқсанда коронавирус инфекциясының зертханамен расталған 118 жағдайы тіркелді, олардың ішінде симптомды - 72, симптомсыз - 46. Жергілікті тұрғындар - 109, сырттан келгендер - 9», - деді Жанна Пірәлиева әкімдікте өткен брифингте.

Алдағы демалыс күндеріне байланысты елорданың бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарына үндеу тастады. Халық аурудың жоғары қаупі туралы білуі керек.

«Сіздерден адам көп жиналатын орындарға барудан аулақ болуды, жабық нысандарда, қоғамдық көлікте маска тағуды, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды, отбасылық іс-шаралар өткізбеуді сұраймын. Бұл шаралардың барлығы денсаулық пен адам өмірді сақтауға көмектеседі», - деді Жанна Пірәлиева.

Айта кету керек, бүгінде қалада КВИ диагностикасы бойынша 18 зертхана күн сайын 11680 зерттеу өткізуге қабілетті. Барлық зертханалардың жүктемесі 25-тен 40% -ға дейін, күніне 1500-ден 4500-ге дейін тестілеу жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109