11385

«30 игі іс»: еріктілер зейнеткерлерге ауласын қардан тазартуға көмектесуде

«30 игі іс» акциясы аясында елордалық штаб еріктілері зейнеткерлер мен ардагерлерге ауласын қардан тазартуға және үй шаруасына көмектесті.

«30 игі іс» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Біз жалғызілікті зейнеткерлерге, ҰОС, тыл ардагерлеріне, сондай-ақ мүгедектерге көмек көрсетеміз. Азық-түлік себеттерін жеткізуге, ауласын, үй ішін тазартуға көмек көрсетіледі. Бүгінгі акция барысында біз іргелес екі қарт адамның ауласын тазалап жатырмыз. Акция Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орайластырылған», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Тұрғындары өз кезегінде жастарға жасаған қолғабыс үшін алғыс білдірді.

«Олар үлкен көмек көрсетуде. Барлық қар тазартылды. Үйіміз ескі, қар басып қалды. Олар барын салып көмектесуге тырысып жатыр. Бізге, зейнеткерлерге қамқорлық жасап жатқандары үшін алғысымыз шексіз», - дейді қала тұрғыны Людмила Пышина.

Бұған дейін ауа-райының қолайсыздығы кезінде еріктілер елорда көшелерінде коммуналдық қызметкерлер мен қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ үлестіргені туралы хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен эстафета басталды.
Азаматтар оған қосылып, акция шеңберінде #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109