2391

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп оқушыларына ақшалай сертификаттар табыстады

Алтай Көлгінов оқушыларға түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны ақшалай сертификаттар табыстады. Бұл туралы елорда әкімі өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Оқушылардың білімді болып қалыптасуы мен олардың жетістіктері мұғалімдер мен ата-аналардың еңбегі арқылы келеді. Бұл еңбек бағалануы керек. Бүгін дарынды оқушыларға түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны үшін 100 мың теңге көлемінде сертификаттар, ал мұғалімдерге сыйақы мен ноутбуктер табыс етілді.

Әр оқушының сүйікті пәні болады. Біреуі математика мен физиканы ұнатса, енді бірі биологияны оқиды. Әдебиет, география, химия сияқты пәндерді жанына жақын көретіндер де табылады.

Жоғары сынып оқушылары болашақ мамандығын таңдап та үлгерген. Оқушылардың бәріне оқуда табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін!

Мемлекет тарапынан жағдай жасалып келеді. Мектептер салынып, балалар орталықтары мен үйірмелер ашылып, мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейтіліп келеді. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап оқушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Балалар қолдаусыз, қорғаусыз қалмайды», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109