11122

Нұр-Сұлтанның интеллектуалды көлік жүйесі Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында 1-ші орынға ие болды

Алтай Көлгінов онлайн режимде өткен IDC Smart City Forum-ына қатысты. Елордалық интеллектуалды көлік жүйесі 12 елдің 40 қаласын басып озған. Бұл туралы елорда әкімі өз «инстаграм» парақшасында бөлісті.

«Нұр-Сұлтанның Интеллектуалды көлік жүйесі Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында 1-ші орынға ие болды. Бұл 12 елдің 40 қаласы. «Ақылды» қалаларды дамыту мәселелері IDC Smart City Forum онлайн режимінде талқыланды. Нұр-Сұлтанда қаланы одан әрі қауіпсіз ету мақсатымен бірқатар жобалар қолға алынды:

Бірінші. Көшелерде ақылды камера орнатудың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 40% -ға азайды, өлім-жітім екі есе азайды. Жол қозғалысына қатысушылар тәртіп сақтай бастады.

Екінші. «Қауіпсіз аула» жобасын іске асырып жатырмыз. Тұрғындардың өтініші бойынша аулаларда камералар орнатып келеміз. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттыруға: ұрлық, мүлкін бүлдіру және басқа да құқықбұзушылықтар санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Үшінші. Мектептер мен балабақшалар қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін камералармен қамтылды.

Төртінші. Барлық автобустар жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған валидаторлармен жабдықталған. Бұл көлеңкелі айналым мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Пандемия уақытында цифрландыруды дамыту қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз, өйткені байланыссыз төлемнің арқасында вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, Face Pay төлем жүйесі енгізілді – жүйе адамды танып, жол жүру төлемі автоматты төленеді. Жобамен қамтылған автобустар санын арттырамыз.

Бұл бағыттар – тікелей қауіпсіз қозғалысқа және құқықбұзушылықтар санын азайтуға бағытталған жобалардың бір бөлігі ғана. Цифрландыруды барлық бағыттар бойынша жүргіземіз, соның ішінде елорданы цифрландыруды «Smart City» тұжырымдамасы аясында жүргіземіз»,– деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109