2422

Нұр-Сұлтанда үстел теннисі орталығы мен жыл он екі ай жұмыс істейтін мұз айдыны салынады

Өңірлік инвестициялық кеңесте жеке инвесторлардың есебінен салынатын бірқатар жоба қолдау тапты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.


"Өңірлік инвестициялық кеңесте жеке инвесторлардың есебінен салынатын бірқатар жоба қолдау тапты. Мәселен, үстел теннисі спорт орталығының құрылысы. Онда хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған жабық мұз айдыны салынады. Бұл тек бұқаралық спорт түріне жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар қысқы спорт түрлері бойынша федерацияларымызды техникалық базамен қолдауға мүмкіндік береді. Спорт федерацияларымен кездесу барысында спортшылар спорт нысандары бойынша, соның ішінде мұзда спортпен айналысу үшін сағаттардың жетіспеушілігі мәселелерін көтерді.

Ат спорты кешенінде иппотерапия сабақтары жоспарланған, бұл ДЦП диагнозы бар адамдарды қажетті сабақтармен қамтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс істеп тұрған ипподром базасында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Кешен жабық манежден, мінбеден, алаңдардан тұрады. Ипподром базасын 3 бағыт бойынша дамытамыз: иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және дайындау. Сонымен бірге туристік маршруттар-атпен серуендеу дамытылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт түрін насихаттау үшін бірқатар спорт нысанын ашамыз, кәсіби спорт федерацияларын қолдаймыз, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар) салып, абаттандырамыз.

Инвестициялық кеңесте ұннан жасалған кондитерлік өнімдер шығаратын зауыттың, білім беру нысандарының және т.б. құрылысын қолдадық. Пандемия кезінде жеке инвестицияларды тарту қарқыны төмендеген жоқ, керісінше артты. Қолдау тапқан жобалар бақылауда, әрбір инвестормен жеке жұмыс істейміз", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109