4785

Елордалық сайлау комиссиясында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы айтылды

Елордалық сайлау комиссиясында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы айтылды

Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына қатысуға тіркелген 6 саяси партия жіберілген болатын.
Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық сайлау комиссиясына 5 саяси партиядан:
«Ауыл», «ADAL», «Nur Otan»,
«АҚ-ЖОЛ», «Қазақстан Халық партиясы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну туралы құжаттар ұсынылды.

«Партиялық тізімге 88 кандидат енгізілді. Партиялық тізімді тіркеу 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-де аяқталды.
«Nur Otan» – 62;
«Ауыл» – 5;
«АҚ-ЖОЛ» – 9;
«ADAL» – 6;
«Қазақстан Халық партиясы» - 6 кандидат ұсынды», – деп атап өтті брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы төрағасы Бақыт Бектемісова.

Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған үміткерлердің саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс. Қалалық сайлау комиссиясына ұсынылған партиялық тізімдерде әйелдер мен 29 жасқа толмаған үміткерлердің саны - 36 (40,9%).

«Қалалық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп, партиялық тізімдерге енген тұлғаларды Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін тексерді.
Партиялық тізімдерге енген тұлғалардың заңнама талаптарына сәйкестігі анықталды.
Кандидаттан келіп түскен өтініш бойынша «Nur Otan» партиясының партиялық тізімінен 1 кандидатты алып тастау туралы шешім қабылданды.
Осылайша, партиялық тізімге енген кандидаттардың саны  87 адамды құрады, оның ішінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны - 35», – деді Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Редкокашин.

Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес барлық саяси партиялар сайлау жарнасын енгізді.
5 саяси партия филиалдарының партиялық тізімдерін қалалық сайлау комиссиясы тіркеді және олар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Партиялық тізімдерді тіркеу туралы мәліметтер  кандидаттар мен олардың зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын тексеру үшін мемлекеттік кіріс органдарына жолданды.
Кандидаттарды ұсыну кезінде арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, мәслихатқа сайлау алғаш рет саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша өтуде. Мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді аумақтық сайлау комиссиялары қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспарына сәйкес партиялық тізімдерді ұсыну 2020 жылғы 10 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109