4970

Өзге елдердегі «Болашақ» бағдарламасының студенттері «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына қолдау білдірді

Шетелде «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджіне қолдау білдірді.

«Болашақ» бағдарламасының студенттері «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясын қолдайды. Олар бүкіл әлем бойынша акцияға қатысуда. Шетелде оқитын студенттер үшін ту жай ғана символика емес. Бұл туған жерімізді еске түсіретін үйіміздің, өзіміздің бөлігіміз. Елінен жырақтағы студенттер өздерін ерекше патриот сезінеді. Олар әрдайым Қазақстанның туын желбіретеді, біздің ел туралы, мәдениет пен дәстүріміз туралы үнемі айтып жүреді», - дейді Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова.

Халықаралық «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы - Қазақстандағы ең танымал білім беру бағдарламаларының бірі. Бүгінге дейін 13 976 адам степендия иегері болды.

Акцияны елордалықтар қолдап, балкондарына ту іліп қойды. Осылайша, қала тұрғындары қазақстандықтарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, оларды челленджді қолдауға шақырды. Сондай-ақ азаматтар #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен Қазақстан Республикасының туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер, видео мен сюжеттер жариялау арқылы челленджге қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109