1391

Мәдениет қайраткерлері патриоттық челленджге қолдау білдірді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елімізге белгілі мәдениет қайраткерлері «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджіне қолдау білдірді. Акцияға қолдау ретінде ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, белгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева, танымал кино және театр актері Ерік Жолжақсынов барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"16 желтоқсан - еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Еліміздің тұғыры биік, аспаны ашық болып, көк байрағы желбірей берсін. Шаңырақтарыңыздан ән үзілмесін. Қазақтың мол дастарханы ешқашан жиналмасын. Кішкентай сәбилеріміз, ақ орамал тағынған аяулы аналарымыз, ардақты аталарымыз аман болсын", - деді Майра Ілиясова.

"Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігімізге биыл 29 жыл. Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін. Әр отбасына татулық пен ырыс-береке тілеймін. Отанымыздың игілігі жолында жарқын болашақ, жаңа табыстар тілеймін", - деді Нұржамал Үсенбаева.

"Қымбатты отандастар, барша қазақстандықтар! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздік тұғыры биік болып, маңдайымызға мәңгілікке бұйырсын", - деді танымал эстрада әншісі Алтынай Жорабаева.

"Тәуелсіздік елімізге бақ-береке, жетістік әкелсін. Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтай білейік. Мереке құтты болсын!" - деді танымал кино және театр актері Ерік Жолжақсынов.

"Ата-бабаларымыз армандап күткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру бүгінгі ұрпақ үшін зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болғай! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!" - деді әнші Рүстем Жүгінісов.

Бұған дейін елорда тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясын қолдап, балкондарына ту ілгені хабарланған болатын. Челленджге ондаған ҮЕҰ және басқа ұйымдар қатысуда. Осылайша, қала тұрғындары қазақстандықтарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, акцияны қолдауға шақырды. Сондай-ақ #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен Қазақстан Республикасының туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер, видео мен сюжеттер жариялау арқылы тұрғындар акцияға белсенді қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109