2954

Нұр-Сұлтан «қызыл аймақта»: азаматтар адам көп жиналатын орындарға бармағаны дұрыс

COVID-19 таралуы бойынша Нұр-Сұлтан әлі де «қызыл аймақта». Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 47 жағдайы анықталды. Осыған байланысты елорда тұрғындарын демалысты үйде өткізуге және адам көп жиналған орындарға бармауға шақырады.

«Қаладағы жағдай күрделенбеуі, қатаң шектеулерді қабылдамау үшін, осы күндері үйде болу, адам көп жиналатын орындарға бармау және үлкен жиындар өткізбеу керек. Жағдайды тұрақтанбаса шектеу шаралары күшейтіледі. Барлық тұрғындарды санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамыз. Карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған», - деді Нұр-Сұлтананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сауда орталығына, дүкендерге барған кезде маска тағу тәртібі мен арақашықтықты қатаң сақтау, санитайзер қолдану керек.

«Қарапайым нормаларды сақтау арқылы өзіміздің, жақындарымыздың денсаулығын сақтаймыз. Коронавирус жасқа қарамайды, динамика көрсеткендей, науқастар арасында созылмалы аурулары жоқ жастар да бар. Емделіп шыққандар да коронавирустан толық айықпайды. Инфекция өкпеге ғана емес, бүйрекке, бауырға, жүрекке және миға да әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар өкпеде тіндік фиброз түріндегі ошақтар пайда болады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін сіз қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз керек», - дейді Жанна Пірәлиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасы COVID-19 таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кірді. Ауру барлық жастағы тұрғындар арасында анықталуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109