7127

Нұр-Сұлтанның дәрігерлері, мұғалімдері және әлеуметтік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, еңбек ардагерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Тәуелсіздік күні қарсаңында дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, еңбек ардагерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. Олар елорданың көшірілуінің алғашқы жылдарында халық санының жылдам өсуін ескере отырып, қаланы жылумен, жарықпен және сумен қамтамасыз етті. "Парасат" орденімен медицинаның дамуына зор үлес қосқан, Ұлттық нейрохирургия орталығында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі штабтың жұмысын ұйымдастырған М.Шайдаров марапатталды.

"Құрмет" орденімен - білім беру, медицина, құрылыс саласындағы ардагерлер, "III дәрежелі Еңбек Даңқы" орденімен ондаған жылдар бойы ЖЭО, Астана-Энергия және т. б. стратегиялық объектілерде еңбек еткен қызметкерлер марапатталды.

Сондай-ақ, қала мен елдің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқандар "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" мемлекеттік медалдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен табыс тілеймін!" - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109