3702

«Ту – тәуелсіздігіміздің кепілі»: Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Белгілі қоғам қайраткерлері «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджіне қолдау білдіріп, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Ақын, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы байрақ елдіктің нышаны ретінде қастерленуі, құрметтелуі қажетін атап өтті.

«Ту – мемлекеттің рәмізі, тәуелсіздігіміздің кепілі. «Біз туды қалай құрметтеуіміз керек?» деген заңды сұрақ бар. Елдіктің еңсесі биік, тұғырымыздың нық екендігін сездіретін және кез келген қазақ баласы, мемлекет азаматының туға деген құрметі ерекше болуы керек. Қазіргі таңда мемлекет рұқсат еткендей, туды балконға, үйдің маңдайшасына ілетіндей жағдайға жетсек, туға деген сезіміміз артары сөзсіз. Халықаралық сайыстарда қазақ байрағы желбіреп, қыран қанат туымыз көкте желбірегенде ерекше сезімде болады. Өзіміз де халықаралық симпозиум, форумдарға барып жүрміз. Сол сәтте қазақтың туы көзіңе оттай басылады. Бұл – сенің мемлекетің, жоқтаушың, арқасүйерің бар деген белгі, қуаныш.
Қаралы күнде ту төмен түседі. Бір тілерім, қазақ даласында азалы күн болмасын, туымыз азаттықтың самалымен желбіреп, мәңгіліктің тұғырында жайқала берсін дегім келеді.
Алда тәуелсіздік күне келе жатыр. Тәуелсіздік – ата-бабамыз сан ғасыр армандаған, қасық қанын, маңдай терін төгіп, сүйемдей жерге сүйегін беріп, қарыс жерге қанын төгіп алған азаттық. Ендеше сол азаттықтың арайында тәуелсіз қазақтың ұрпағы мәңгілік жасай беруді Тәңір нәсіп етсін!» - деді Дәулеткерей Кәпұлы.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов қазақ тарихында тудың орны ерекше екенін айтады.

«Ту – еліміз үшін ежелден қастерлі. Ол туралы қазақтың жырларында көреміз. ХІХ ғасырларда Әбілқайыр хандығында, Исатай, Махамбеттер ту ұстап соғысты. Шайқасқа кіргенде 10 тумен кіріп, 10 тумен шығады екен. Соңғы 1847 жылғы шайқаста туды соңғы рет батыр алып шыққан. Сол туды кейін Алаш орда қайртакерлері Ахмет Байтұрсынов, Алихана Бөкейханов, Міржақып Дулатов көтерді. Оның да өз тарихы бар. Тусыз – халық болмайды. Қазақ әрқашан ту ұстап жауға шапқан ел ғой. Туды құлатпаған, жықпаған, тумен жеңген елміз. Сондықтан Ту - қазақ үшін ерекше. Шет мемлекеттерге барғанда өз туымызды көргенде патриоттық сезім бойлайды. Туды көтергенде мемлкетті көтергендей болады. Туымыз – мәңгілік болсын. Ту – Тәуелсіздіктің белгісі. Ол символ. Рәміздеріміз мәңгілік болсын, қазағымыз аман болсын!» - дейді Марат Әбсеметов.

Бұған дейін елорда тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясын қолдап, балкондарына ту ілгені хабарланған болатын. Челленджге ондаған ҮЕҰ және басқа ұйымдар қатысуда. Осылайша, қала тұрғындары қазақстандықтарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, акцияны қолдауға шақырды. Сондай-ақ #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен Қазақстан Республикасының туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер, видео мен сюжеттер жариялау арқылы тұрғындар акцияға белсенді қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109